09.09.2026, 23:00

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Фото: WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ширек финалда Рыбакина Қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньмен (121-орын) кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалға шығуының арқасында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануына кепілдік берді. WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасында қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенконың (1-орын) US Open-дегі нәтижесіне қарамастан, бірінші орынға көтеріледі.

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінде бұған дейін америкалық Тея Фродинді (585-орын), испаниялық Джессика Бусас Манейроны (105-орын), украиналық Юлия Стародубцеваны (58-орын) және жапониялық Наоми Осаканы (13-орын) жеңген еді.

Осылайша, Рыбакина алғаш рет мансабында WTA рейтингінің көшін бастайды.