Екінші орынға таласу үшін Қазақстан Ирландия мен Молдованы сырт алаңда жеңуі тиіс.
Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырза Қазақстанның жастар құрамасымен бірге Англияға аттанды. U-21 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі шешуші кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық жастар құрамасы іріктеу аясында екі ойын өткізу үшін Ұлыбританияға барды. 25 қыркүйекте Вулверхэмптон қаласында команда Англия U-21 құрамасымен кездеседі. Одан кейін қазақстандықтар Ирландиямен матч өткізу үшін Корк қаласына жол тартады.
Қазір Қазақстан U-21 құрамасы жеті ойыннан кейін төрт ұпай жинап, өз тобында соңғы орында келеді. Команда Англия мен Ирландияға сырт алаңда жол берген.
Еуропа чемпионатына жолдама үшін күресті жалғастырудың теориялық мүмкіндігі Қазақстан құрамасында әлі бар. Ол үшін қазақстандықтарға Англияны ірі есеппен жеңіп, кейінгі кездесулерде де қажетті нәтижелерге қол жеткізу керек.
Екінші орынға таласу үшін Қазақстан Ирландия мен Молдованы сырт алаңда жеңуі тиіс. Сонымен қатар Англия қалған матчтарының барлығында ұпай жоғалтуы қажет.
Қазақстан U-21 құрамасының сапында «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырза да өнер көрсетеді.