$ 448.44  514.81  5.33

Азиада-2026: Қадырбек Шынбаев ел қоржынына алтыншы алтын жүлде сыйлады (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта 6 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз ерлер арасында (71кг) заманауый стилде өнер көрсетіп, ақтық сында Тәжікстан өкілі Хуршедзода Бехрузден 3:0 есебімен басым түсті.

Айта кетерлігі, бұл жүлде Қазақстан құрамасының осы Азиададағы екінші алтын медалі. Осыған дейін Еркінғали Бүркіталин дәстүрлі стилде 77 келі салмақта топ жарған болатын.

Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта 6 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0