22.09.2026, 15:20

Қайрат Боранбаев ҚФФ Атқарушы комитетіне қайта сайланды

Фото: ФК Қайрат

«Қайрат» футбол клубы Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетіне қайта сайланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

21 қыркүйекте Астана қаласында ҚФФ-ның XXXI сайлау конференциясы өтті. Конференция қорытындысы бойынша Қайрат Боранбаев федерацияның Атқарушы комитетінің алдағы төрт жылға арналған жаңа құрамына енді.

Айта кетейік, бүгін Қайрат Боранбаев 60 жасқа толып отыр.