22.09.2026, 18:00

Аян Тұрсын Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

Фото: ҰОК

Осылайша Аян Тұрсын жарысты ширек финалдан аяқтады. 

Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында ушу-саньдадан ширек финалдар басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аян Тұрсын 52 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында Гонконг өкілі Чан Цзы Чинмен кездесті. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша гонконгтық спортшы 2:0 есебімен басым түсті. 

Осылайша Аян Тұрсын жарысты ширек финалдан аяқтады.