$ 448.44  514.81  5.33

Дастан Сәтпаев Англиядағы Қазақстан жастар құрамасына барды

Қазақстан U-21 құрамасы іріктеу кезеңінде қатарынан үш матч өткізеді. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Қазақстан футболының басты жұлдыздарының бірі Дастан Сәтпаев 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындалып жатқан жастар құрамасына қолдау көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бернли» сапында өнер көрсететін шабуылшы жарақатына байланысты ем қабылдап жатқанымен, Англиядағы Қазақстан жастар құрамасының орналасқан жеріне арнайы барып, футболшылармен кездесті.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі ойындарға «Уиком Уондерерс» клубының базасында дайындалып жатыр. Қазір команда Хай-Уиком қаласында орналасқан. Дастан Сәтпаев футболшылармен әңгімелесіп, алдағы матчтарда сәттілік тіледі.

«Дастан Сәтпаев бізге қонаққа келіп, алдағы ойындарда сәттілік тіледі. Қазіргі таңда Дастан жарақатынан кейін ем қабылдап, алаңға оралу үшін қалыпқа келу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тезірек сауығып, алаңға оралуыңды тілейміз, Дос! Біз сені сағындық!» – деп жазды Қазақстан жастар құрамасының әлеуметтік желідегі парақшасы.

Қазақстан U-21 құрамасы іріктеу кезеңінде қатарынан үш матч өткізеді.

Алғашқы кездесу 25 қыркүйекте Вулверхэмптонда Англия құрамасына қарсы өтеді. 29 қыркүйекте қазақстандықтар Коркте Ирландиямен кездессе, 6 қазанда Ниспорениде Молдова құрамасына қарсы ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0