WBO келіссөздер туралы ресми бұйрықты жақын арада жариялайтынын мәлімдеді.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) кезекті жекпе-жегін жеңіліп көрмеген даниялық боксшы Якоб Банкке (20-0, 11КО) қарсы өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) бүгін супер орта салмақта әлем чемпионы титулына Жәнібек Әлімханұлы және Якоб Банк арасында міндетті жекпе-жекке ордер берді. WBO чемпиондық комитеті тараптарға 15 күн ішінде келіссөздер жүргізуге және 2026 жылдың 7 қазанына дейін келісімге келуге уақыт беріледі.
WBO келіссөздер туралы ресми бұйрықты жақын арада жариялайтынын мәлімдеді.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы үшін жаңа салмақта бірден әлем чемпионы атану мүмкіндігі туып отыр.