$ 447.85  513.46  5.31

Ксения Игнатова жүзуден алтыншы орынға ие болды

Қытайлық Сюйвэй Пэн жарыс жеңімпазы атанды - 59.30. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Ксения Игнатова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында кезекті финалында бақ сынады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Спортшы бұл жолы 100 метрге шалқалай жүзуден финалда 1:01.12 уақыт нәтижесін тіркеп, алтыншы орынға табан тіреді.

Қытайлық Сюйвэй Пэн жарыс жеңімпазы атанды - 59.30. Жапониялық Рио Сираи күмістен алқа тақты - 59.89. Ал оңтүстіккореялық Сынвон Ким қола алды - 1.00.10. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0