Қытайлық Сюйвэй Пэн жарыс жеңімпазы атанды - 59.30.
Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Ксения Игнатова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында кезекті финалында бақ сынады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортшы бұл жолы 100 метрге шалқалай жүзуден финалда 1:01.12 уақыт нәтижесін тіркеп, алтыншы орынға табан тіреді.
Қытайлық Сюйвэй Пэн жарыс жеңімпазы атанды - 59.30. Жапониялық Рио Сираи күмістен алқа тақты - 59.89. Ал оңтүстіккореялық Сынвон Ким қола алды - 1.00.10.