23.09.2026, 16:00

Қазақстандық гандболшылар Гонконгты жеңді

Фото: ҰОК

Матч 34:27 есебімен отандастарымыздың пайдасына аяқталды.  

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында төртінші матчын өткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ұлттық құрама айналмалы жүйе бойынша өтіп жатқан жарыста Гонконгпен кездесті. 

Матч 34:27 есебімен отандастарымыздың пайдасына аяқталды. 

Сондай-ақ бүгін, 23 қыркүйекте ерлер құрамасы Иранға 23:28 есебімен жол берді.