23.09.2026, 20:30

Азиада-2026: Әлижан Аблағатов ушудан алғашқы медальді жеңіп алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу жолында ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл - Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.