24.09.2026, 09:00

Азиада-2026: Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медаль түсті

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи префектурасы және Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында сегізінші алтын жүлдені қоржынға салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Академиялық ескек есу спортынан ерлер арасында жұптық сында Владислав Яковлев және Иван Чернухин жарыс жолына шықты. Қортындысында, отандастарымыз 6 минут 25.13 секунд уақытта мәре сызығын бірінші болып кесті.

Қытай құрамасы күміс медаль еншілесе, өзбекстандық спортшылар қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан делегациясының осы Азиададағы сегізінші алтын жүлдесі.