24.09.2026, 11:00

Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Фото: ҰОК

Осылайша ол ширек финалға жолдама алды. 

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында қатарлық Мохаммед Дбичимен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарысты аяқтаған болатын.