Милад Карими үшін бұл – Азия ойындарындағы еркін жаттығудан жеңіп алған алғашқы медаль
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Милад Карими Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық гимнаст спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы еркін жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, қорытынды есепте екінші орын алды.
Осылайша, Қазақстан 32 жылдан кейін Азия ойындарында аталған бағдарлама бойынша қайтадан күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін қазақстандық гимнаст ерлер арасындағы еркін жаттығуда 1994 жылы Хиросимада өткен Азия ойындарында екінші орын алған болатын. Ол кезде Сергей Федорченко күміс жүлдеге қол жеткізген еді.
Милад Карими үшін бұл – Азия ойындарындағы еркін жаттығудан жеңіп алған алғашқы медаль. 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында ол осы бағдарламада бесінші орын алған болатын.
Милад Карими – Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшы гимнастарының бірі. Ол Олимпиада ойындары, әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда, ірі халықаралық жарыстарда еліміздің намысын бірнеше рет қорғады.