Отандасымыз ақтық бәсекеде 348.3 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ислам 50 метрден үш қалыпта мылтықпен атудан жекелей сайыста өнер көрсетті.
Отандасымыз ақтық бәсекеде 348.3 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Алтын медальді қытайлық Чжан Чанхун жеңіп алды - 360.5. Күміс медаль оның отандасы Лю Юйкуньға бұйырды - 360.2.