45:34 есебімен қарсыластарына есе жіберді.
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында сабля бағдарламасы бойынша сынға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жартылай финалдық бәсекеде отандастарымыз Жапон құрамасымен кездесіп, Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Қуаныш Ерғашбай және Нұрмұхаммед Жайлыбай ел намысын қорғады.
Қортындысында, Қазақстан құрамасы 45:34 есебімен қарсыластарына есе жіберіп, қола медаль қанжағалады.
Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының осы Азиадада жеңіп алған үшінші жүлдесі.