Шайдоров қысқа бағдарламада 95,98, ал еркін бағдарламада 176,77 ұпай еншіледі.
Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өткен ISU Challenger сериясының Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Екі бағдарлама қорытындысы бойынша олимпиада чемпионы 272,75 ұпай жинады. Шайдоров қысқа бағдарламада 95,98, ал еркін бағдарламада 176,77 ұпай еншіледі.
Жарыста бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко жеңіске жетті. Ол жалпы есепте 292,09 ұпай жинады. Екінші орынды 278,80 ұпаймен Италия өкілі Даниэль Грассль иеленді.
Ондрей Непела мемориалы Шайдоров үшін 2026/27 маусымындағы алғашқы халықаралық жарыс болды.