Қазақстандық спортшы Нұрғиса Әділетұлы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз ауыр атлетикадан ерлер арасында 95 келі салмақта жарыс жолына шықты. Жұлқа көтеру сынында Нұрғиса 177 келіні бағындырса, ирандық спортшы Әли Әлипор 180 келі салмақты сәтті көтеріп, Азиада рекордын жаңартты.
Серпе көтеруден қазақстандық спортшы 217 келі штанганы басынан асырып, Азия және Азиада рекордын жаңартты. Алайда, ирандық қарсылас үшінші мүмкіндігінде 218 келіні сәтті бағындырып чемпион атанды. Осылайша, қазақстандық спортшы жалпы есепте 394 келі нәтижемен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.