28.09.2026, 23:30

Ауыр атлет Алексей Чуркин Азиадада күміс медаль жеңіп алды

Фото: ҰОК

Отандық зілтемірші 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Отандық зілтемірші 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Алексей жұлқа көтеруде 173 келіні, серпе көтеруде 205 келіні еңсерді. Осылайша ол қоссайыс қорытындысы бойынша 378 келіні бағындырып, күміс жүлдеге ие болды.

Алтын медальді Солтүстік Корея өкілі Ро Кван Рёль жеңіп алды - 379 (165+214) келі. Ал қытайлық Чэнь Шуньнань қола жүлдегер атанды - 374 (163+211) келі.