XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
Жапонияның Аичи префектурасында стенд атудан трап бағдарламасы бойынша ХХ жазғы Азиаданың іріктеу кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ерлер арасындағы сайыста Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почиваловтан жасақталған құрамамыз командалық сайыста 3-орынға ие болды.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.