29.09.2026, 09:40

Азия ойындары: Қазақстан құрамасы стенд атудан қола медальға ие болды

фото: olympic.kz

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Жапонияның Аичи префектурасында стенд атудан трап бағдарламасы бойынша ХХ жазғы Азиаданың іріктеу кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ерлер арасындағы сайыста Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почиваловтан жасақталған құрамамыз командалық сайыста 3-орынға ие болды.

Кувейт — 355 ұпай Қатар — 349 ұпай Қазақстан — 348 ұпай

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.