29.09.2026, 10:40

Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Фото: ҰОК

Бұл – Михаил Шайдоровтың ISU әлемдік рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіші.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.

Шайдоровтың еншісінде 4193 рейтингтік ұпай бар. Әлемдік рейтингтің көшін америкалық Илья Малинин 4590 ұпаймен бастап тұр. Үшінші орында – жапониялық Юма Кагияма. Оның қоржынында 4123 ұпай бар.

Бұл – Михаил Шайдоровтың ISU әлемдік рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіші.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұған дейін Братиславада өткен ISU Challenger сериясындағы Ondrej Nepela Memorial турнирінде қола жүлде иеленген еді. Бұл жарыс Шайдоров үшін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы халықаралық бәсеке болды.