29.09.2026, 15:40

Қазақстан ерлер құрамасы волейболдан Өзбекстанды жеңді

Фото: ҰОК

Топтық кезеңдегі үшінші матчта қазақстандықтар Өзбекстанға қарсы ойнады.

Қазақстан ерлер құрамасы волейболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші кездесуін өткізді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Топтық кезеңдегі үшінші матчта қазақстандықтар Өзбекстанға қарсы ойнады.

Төрт сеттің қорытындысы бойынша ұлттық құрамамыз 3:1 (25:13, 22:25, 22:25, 17:25) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін Пәкістанға 3:1 есебімен жол берсе, Жапониядан 3:0 есебімен жеңілген еді.