$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Алуа жартылай финалда Тхи Там Нгуенмен (Вьетнам) жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша Вьетнам боксшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Алуа Балқыбекова Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0