Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Алуа жартылай финалда Тхи Там Нгуенмен (Вьетнам) жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша Вьетнам боксшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал Алуа Балқыбекова Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.