$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

Махмұд Сабырхан Азиадада қола жүлдегер атанды

Тартысты өткен кездесуде Филиппин боксшысы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Махмұд Сабырхан Азиада-2026 жартылай финалында филиппиндік Карло Пааламнан 3:2 есебімен жеңіліп, Қазақстан қоржынына үшінші қола медальді салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының финалына шыға алмады.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда филиппиндік Карло Пааламмен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде Филиппин боксшысы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Қазақстан қоржынына үшінші қола медальді салды.

Бұған дейін қола жүлдені Алуа Балкибекова (51 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) иеленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0