30.09.2026, 12:40

Төрехан Сабырхан Азия ойындарының финалына шықты

Фото: ҰОК

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) финалға шыққан еді.

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өтті,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен кездесті.

Төрехан үш раунд бойы басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) финалға шыққан еді.