48 келі салмақта ақтық сында қазақстандық спортшы жапониялық Мицуки Кондомен белдесті.
Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлде еншіледі,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз ерлер арасында 60 келі салмақта ақтық сында жапониялық Хаято Кондомен белдесті.
Қортындысында, Елдос негізгі уақытта қарсыласына 0:2 ұпаймен жол беріп, екінші орын алды.
Айта кетерлігі, Елдос Сметов 2014 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы.
Әбиба Әбужақынова да Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды. Әйелдер арасында 48 келі салмақта ақтық сында қазақстандық спортшы жапониялық Мицуки Кондомен белдесті.
Қортындысында Әбиба қарсыласына иппон әдісімен жол беріп, күміс жүлде еншіледі.