$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі

 75 келідегі Наталья Богданова 1/2 финалда Үндістан спортшысы Боргохайнмен айқасты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. Әлем чемпионы, қазақстандық Наталья Богданова жарысты қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлем чемпионы, 75 келідегі Наталья Богданова 1/2 финалда Үндістан спортшысы Боргохайнмен айқасты.

Қос боксшы да шаршы алаңның ортасын бермеуге тырысып, үш раунд бойы соққылармен алмасты. Нәтижесінде төрешілер 2:3 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0