30.09.2026, 16:40

Әлемді шайқап жүрген боксшы қыздар Азиададан мүлдем алтынсыз қалды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова жартылай финалда вьетнамдық Нгуен Тхи Таммен кездесті. Үш раундтың қорытындысында қарсыласы 5:0 есебімен жеңіске жетіп, қазақстандық боксшы қола жүлдегер атанды.

Қазақстанның әйелдер бокс құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Аичи–Нагоя-2026 Азия ойындарын алтынсыз аяқтады. Бес спортшы қатысқан додада ұлттық құрама екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова жартылай финалда вьетнамдық Нгуен Тхи Таммен кездесті. Үш раундтың қорытындысында қарсыласы 5:0 есебімен жеңіске жетіп, қазақстандық боксшы қола жүлдегер атанды.

75 келіде өнер көрсеткен Наталья Богданова финал жолдамасын үндістандық Ловлина Боргохайнмен сарапқа салды. Тартысты жекпе-жекте төрешілер жеңісті Үндістан өкіліне 3:2 есебімен берді. Богданова да Азия ойындарының қола медалін еншіледі.

Ал Назым Қызайбай 54 келіде алғашқы кездесуінде қытайлық Чжао Сюаньға 1:4 есебімен жол берді. Виктория Графеева 60 келіде Париж Олимпиадасының чемпионы Линь Юйтиннен 2:3 есебімен жеңіліп, жарысты 1/8 финалда аяқтады.

65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Аида Әбікеева ширек финалда Қытай өкілі Ли Шуға 0:4 есебімен есе жіберіп, жүлдеден тыс қалды.

Осылайша, құрамында бірнеше әлем чемпионы бар Қазақстан әйелдер командасының бірде-бір өкілі Азиада финалына шыға алмады. Команданың қорытынды нәтижесі – екі қола медаль.