$ 440.86 € 500.77 ₽ 5.27

«Ұсынысты қабыл алмады»: Жезуш әуежайға барып, Роналдуды тоқтатпақ болған

Фото: Reuters
Фото: Reuters

Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезуш пен Португалия футбол федерациясының президенті Педру Проэнса Криштиану Роналдуды ұлттық құрамада қалуға көндіру үшін Копенгаген әуежайына барған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алайда 41 жастағы шабуылшы шешімін өзгертпей, жеке ұшағымен Даниядан ұшып кеткен. Бұл туралы Marca басылымына сілтеме жасаған ақпараттар тарады. 

Marca мәліметінше, Роналдудың ұшағы Копенгагенге жергілікті уақыт бойынша шамамен 22:15-те қонған. Арада бір сағат жиырма минут өткенде ұшақ Мадридке бағыт алған. Осы аралықта Жезуш пен Проэнса әуежайға келіп, футболшымен сөйлесіп, оны команда құрамында қалуға көндіруге тырысқан. Алайда Роналду ұсынысты қабылдамаған.

Бұған дейін, 30 қыркүйекте, Жорже Жезуш баспасөз мәслихатында Роналдудың Данияға қарсы Ұлттар лигасындағы матчты негізгі құрамда бастамайтынын мәлімдеген еді. Осыдан кейін Роналду ұлттық құраманың орналасқан жерінен кету туралы шешім қабылдады. Футболшы әлеуметтік желідегі жазбасында бұл шешімді бас бапкердің баспасөз мәслихатынан кейін және Португалия футбол федерациясының президентімен сөйлескен соң қабылдағанын айтып, кету себептерін «уақыты келгенде» түсіндіретінін жеткізді. 

Роналду Португалия құрамасы сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соққан. Ол ұлттық командамен 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0