01.10.2026, 18:20

Азия ойындары: Данилина мен Путинцева жартылай финалға жолдама алды

Фото: sports.kz

Қазақстандық жұп ширек финалда қытайлықтар Цзян Синьюй – Ян Чжаосюаньмен кездесуі керек еді.

Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева жұптық сында Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазақстандық жұп ширек финалда қытайлықтар Цзян Синьюй – Ян Чжаосюаньмен кездесуі керек еді.

Қытайлық дуэт матчқа шықпай қалды да, Анна мен Юлия жартылай финалға ойнамастан жолдама алды.

Анна Данилина – Юлия Путинцева финалға шығу үшін Қытайлық Тайбэй өкілдері Се Шувэй – Лян Эньшомен таласады.

Ю.Путинцева бұған дейін жекелей сында қола медальға ие болған еді. Енді жұптық сында да А.Данилинамен бірге кемінде қола жүлдеге қол жеткізеді.