02.10.2026, 12:00

Болатбек Сейілхан джиу-дитсудан Азиаданың қола медалін иеленді

Фото: Арлан Олжабай

77 келідегі Болатбек Сейілхан қола медаль үшін белдесуде отандасы Адлан Мадаевпен кездесті.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары аясында джиу-джитсудан жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

77 келідегі Болатбек Сейілхан қола медаль үшін белдесуде отандасы Адлан Мадаевпен кездесті. Нәтижесінде отандық дерби 2:0 есебімен Болатбектің пайдасына шешілді.

Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және 48 келідегі Жібек Құлымбетова қола жүлде еншілеген еді.