02.10.2026, 15:20

«12 жыл күткен алтынымыз»: Әлемдік блогер Bydastan Төреханның жеңісімен құттықтады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Әлемге танымал блогер Bydastan қазақстандық спортшы Төрехан Сабырханды Азия ойындарындағы алтын медалімен құттықтады, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында Төреханның жеңісіне қатысты видео жариялап, қазақстандық спортшының жетістігіне жылы лебізін білдірді.

«12 жыл күткен алтынымыз», – деп жазды Bydastan.

Осылайша ол Төрехан Сабырханның жеңісін ерекше атап өтіп, қазақстандық жанкүйерлердің қуанышына ортақтасты.

Төрехан Сабырханның жеңісі қазақстандық спорт жанкүйерлері арасында кеңінен талқыланып, әлеуметтік желіде спортшыға арналған құттықтаулар көбейді.