Ал Айбек Оралбай бұған дейін 90 келіден жоғары салмақтың жартылай финалында Үндістан өкілі Нарендерді жеңген болатын, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық боксшы (+90 кг) финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировті жеңді. Қорытынды есеп – 5:0.
Бұған дейін қазақстандық боксшы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындары өзі үшін әлі бітпегенін, ақтық айқастан барын салатынын айтқан еді.
Осылайша, Ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай XX жазғы Азия ойындарында алтын иеленіп отыр.
Айбек Оралбай, бокс, Азия ойындары, алтын медаль