50 келідегі Зейнеп Баянова 3-орын үшін өткен белдесуде Үндістан балуаны Дипаншидың жауырынын жерге тигізіп, таза жеңді.
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен жарыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
50 келідегі Зейнеп Баянова 3-орын үшін өткен белдесуде Үндістан балуаны Дипаншидың жауырынын жерге тигізіп, таза жеңді.
Бүгінгі жарыс күнінде 23 жастағы жерлесіміз Мунхар Биамбасуренді (Моңғолия) 8:4 есебімен, Миран Чеонды (Оңтүстік Корея) 7:3 есебімен жеңіп, жартылай финалда басты фаворит саналған Юи Сусакиге (Жапония) 0:4 есебімен жол берген болатын.