02.10.2026, 17:40

Эльмира Сыздықова Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Белдесу 5:1 есебімен Жапония өкілінің пайдасына аяқталды.

Балуан Эльмира Сыздықова Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпрата порталы.  76 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз жапониялық Юка Кагамимен жолықты. Белдесу 5:1 есебімен Жапония өкілінің пайдасына аяқталды. Ал Эльмира Сыздықова Азиаданы күміс медальмен қорытындылады. Айта кетейік, бұл Эльмира Сыздықованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұрымды балуанымыз бұған дейін Джакарта-2018 ойындарында қола медаль алған.