02.10.2026, 23:30

Батырхан Төлеуғали Азиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Фото: ҰОК

Үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз Қытайлық Тайбэй өкілі Хун Цзюнь-имен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Батырхан Төлеуғали жарысты жартылай финалда аяқтап, Азиаданың қола жүлдегері атанды.