03.10.2026, 20:30

Балуан Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК

Осылайша, Нилуфар Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола медальді салды.

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Нилуфар Раимова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық балуан 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Шри-Ланка өкілі Нетми Ахинса Фернандоны айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, Нилуфар Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола медальді салды.