Боксшылар 12 жылдық үзілістен кейін Азиада алтынына қайта қол жеткізді.
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 84 медаль — 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте 46 елдің арасында 8-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Боксшылар 12 жылдық үзілістен кейін Азиада алтынына қайта қол жеткізді.
Семсерлесушілер сапымен семсерлесуден тарихта алғаш рет чемпион атанды.
Академиялық ескек есуден Қазақстан алғашқы алтынын жеңіп алды.
Таеквондошы Тамирлан Тілеулес осы спорт түрінен ел тарихындағы тұңғыш Азиада алтынын иеленді.
Алексей Луценко Азиададағы алтын медаль санын алтыға жеткізіп, Қазақстан рекордын жаңартты.
Дзюдодан қазақстандықтар жекелей сында алғаш рет төрт финалға шықты.
Ал спорттық гимнастикада Милад Карими Қазақстанға 32 жылдан кейін Азиада жүлдесін әкелді.