04.10.2026, 21:30

Александр Бублик финалға өте алмады

Фото: Vesti.kz

62 минутқа созылған матчта Нидерланд жұбы жеңіске жетті. 

Бейжіңдегі ATP-500 турнирінің жартылай финалында қазақстандық Александр Бублик пен қытайлық Шан Цзюнчен 4:6, 4:6 есебімен нидерландтық Сандер Арендс пен Давид Пельге есе жіберді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық-қытайлық жұптың жартылай финалға дейін жетуінің өзі сенсацияға баланады. Рейтинг бойынша олар Қытай Ашық чемпионатына қатысушылар қатарына алынбаған болатын. Алайда ұйымдастырушылардан арнайы шақыру (уайлд-кард) алған олар финалға да шығып кете жаздады.

62 минутқа созылған матчта Нидерланд жұбы жеңіске жетті. Есеп – 6:4, 6:4. Жеңімпаздардың ұтыс ұпайлары бойынша басымдық айқын байқалды – 64:42.