$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

2030 жылғы Азия ойындары Дохада өтеді

Енді 24 жылдан кейін қала құрлықтағы ең ірі спорт додасын екінші рет өткізеді. 

фото: qatar-tribune
фото: qatar-tribune

XXI жазғы Азия ойындары 2030 жылдың қараша айында Катар астанасы Дохада ұйымдастырылады. Осылайша, 2026 жылғы Аичи–Нагоядағы бәсекеден кейін құрлықтың үздік спортшылары төрт жылдан соң Дохада қайта бас қосады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Катар астанасы Азия ойындарын бұған дейін 2006 жылы қабылдаған. Енді 24 жылдан кейін қала құрлықтағы ең ірі спорт додасын екінші рет өткізеді.

Азия ойындарының алдағы қожайындары бірнеше жыл бұрын белгілі болған. 2026 жылғы жарыс Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтсе, 2030 жылы Доха, ал 2034 жылы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласы спортшыларды қабылдайды.

Доха 2030 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығына Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында ие болды. Ол кезде Катар астанасымен бірге Эр-Рияд та додаға үміткер болған. Нәтижесінде Дохаға 2030 жылғы, ал Эр-Риядқа 2034 жылғы ойындарды өткізу мүмкіндігі берілді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Аичи–Нагоя Азия ойындарын 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медальмен аяқтап, жалпы есепте 84 жүлде еншіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0