05.10.2026, 15:40

Лионель Месси ұлттық құрамадағы соңғы матчы үшін Аргентинаға оралды

Фото: 1бол

Биылғы маусымда ол 24 матчта алаңға шығып, 21 гол соққан және 11 нәтижелі пас берген. 

Аргентина құрамасының капитаны, даңқты футболшы Лионель Месси ұлттық командадағы соңғы ойынын өткізу үшін туған жеріне келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, 7 қазанда Аргентина құрамасы Буэнос-Айресте Бенинге қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл матч 39 жастағы Мессидің ұлттық құрама сапындағы қоштасу ойыны болады.

Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында 207 ойын өткізіп, рекорд орнатқан. Ол сондай-ақ өз командасының және Оңтүстік Америка елдерінің ең үздік бомбардирі – 116 гол соққан. Әлем чемпионы (2022), Оңтүстік Америка кубогінің екі дүркін иегері (2021, 2024), Финалиссима жеңімпазы (2022), Олимпиада чемпионы (2008). 2026 жылы Аргентинамен бірге Әлем чемпионатының финалына дейін жетті.

Месси қазіргі таңда «Интер Майами» клубында ойнап жүр. Биылғы маусымда ол 24 матчта алаңға шығып, 21 гол соққан және 11 нәтижелі пас берген.