$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

UFC-дің жеңілмеген файтері Шавкат Рахмновоты жекпе-жекке шақырды

Моралес қазіргі таңда кәсіби мансабында 19 жеңіс және бірде-бір жеңіліссіз келе жатыр.

Фото: UFC.com
Фото: UFC.com

UFC ұйымында өнер көрсетіп жүрген жеңіліссіз эквадорлық файтер Майкл Моралес қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Моралес қазіргі таңда кәсіби мансабында 19 жеңіс және бірде-бір жеңіліссіз келе жатыр. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Ислам Махачевке және UFC-дегі өзге қарсыластарына қатысты ойын айтып, келесі жекпе-жекке Шавкат Рахмоновты таңдауға дайын екенін жеткізген.

«Ислам, сен менің дивизионыма келіп, белдікті алғаннан бері сенімен жекпе-жек өткізгім келеді. Бірақ сенің басқа жоспарларың болса, менде 2027 жылға арналған жекпе-жек бар. Бұл дивизионның финалдық боссы – Шавкат Рахмонов. Мені қайдан табатыныңды білесің», – деді Моралес.

Эквадорлық файтер бұған дейін Белал Мухаммадпен жекпе-жек өткізу мәселесін де көтерген. Алайда ол жеңілдеу қарсылас іздемейтінін айтып, дивизиондағы ең қауіпті спортшылардың бірі ретінде Шавкат Рахмоновты атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0