Ойынға Эстониядан келген төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді.
Бүгін, 6 қазанда Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасының 4-туры аясында Астанада Фарер аралдарымен кездеседі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ойын елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы және оның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.
Ойынға Эстониядан келген төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді. Бас төреші – Кристо Тохвер. Оған Сильвер Кыйв пен Сандер Сара қапталдан көмектеседі. Төртінші төреші міндетін Карл Коппель атқарады. VAR жүйесіне Марко Лийва жауап берсе, оның көмекшісі Юрий Фришер болады.
Командалар бұған дейін де кездескен
Қазақстан мен Фарер аралдары Ұлттар лигасының осы маусымындағы алғашқы турда өзара ойнаған. Фарер аралдарында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталған.
Бұл Қазақстан құрамасының турнирдегі әзірге жалғыз ұпайы болып отыр. Кейінгі екі ойында ұлттық құрама Словакия мен Молдоваға 1:2 есебімен жол берді.
Үш турдың қорытындысы бойынша Қазақстан төртінші орында тұр. Ал Фарер аралдарының еншісінде үш ұпай бар және олар топта үшінші сатыда келеді.