07.10.2026, 09:40

Месси Аргентинадағы соңғы ойынын жеңіспен аяқтап, жылап қоштасты (ВИДЕО)

Фото: news.sportbox.ru

39 жастағы капитан кездесуді толық өткізіп, команданың үш голына да тікелей үлес қосты. 

Аргентина құрамасы Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында өткен жолдастық кездесуде Бенинді 3:0 есебімен жеңді. Бұл ойын Лионель Мессидің ұлттық құрама сапындағы қоштасу матчы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

39 жастағы капитан кездесуді толық өткізіп, команданың үш голына да тікелей үлес қосты. Алғашқы екі голды Николас Отаменди (48-минут) мен Нико Пас (61-минут) Мессидің нәтижелі пастарынан кейін соқты. 71-минутта аргентиналық шабуылшы пенальтиден есепті 3:0-ге жеткізді.

Ойынның 10-минутында Мессиге құрмет көрсету үшін матч уақытша тоқтатылды. Жанкүйерлер футболшыны ұзақ уақыт қошеметпен шығарып салып, стадионда фейерверк атылды.

Месси Аргентина құрамасындағы алғашқы ойынын 2005 жылғы 17 тамызда өткізген. Содан бері ол ұлттық құрама сапында 208 матчқа қатысып, 126 гол соғып, 70 нәтижелі пас берген.

Футболшы Аргентинамен бірге 2022 жылғы әлем чемпионатын, сондай-ақ 2021 және 2024 жылдардағы Америка кубогын жеңіп алды.