$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

Сұлтан Зауырбек IBF чемпиондық белбеуіне таласатын болды

Бұл жеңіс Сұлтан Зауырбекке IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер мәртебесін берді. 

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек әлем чемпионы атағын Қазақстанға әкелуге уәде берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

21 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен отандасымыз қазіргі таңда IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атанды.

«Біз чемпиондық титулға міндетті үміткер атандық! Бұйыртса, чемпиондық белбеуді Қазақстанға әкелетін күнге де аз қалды. Бізді қолдап, бізге сенген барша жанға мың алғыс!» – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Зауырбек соңғы жекпе-жегін 26 қыркүйекте Аустралияның Квинсленд штатында өткізді. Ол жергілікті боксшы Джексон Инглендті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Қазақстандық спортшы төртінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.

Бұл жеңіс Сұлтан Зауырбекке IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер мәртебесін берді. Енді ол әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Эмануэль Наварретемен жұдырықтасуы тиіс.

Эмануэль Наваррете кәсіпқой бокста 40 жеңіс, 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже көрсеткен. Оның еншісінде 33 нокаут бар.

Ал Сұлтан Зауырбектің кәсіби мансабындағы көрсеткіші – 21 жеңіс, оның 13-і нокаутпен келген. Қазақстандық боксшы әлі жеңіліп көрген жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#боксшы #спорт