Sportarena.kz мәліметінше, теннисші бұл сұраққа WTA ұйымына арналған бейнеролик түсірілімі кезінде жауап берген.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің мінезін сипаттайтын үш қасиетті бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Sportarena.kz мәліметінше, теннисші бұл сұраққа WTA ұйымына арналған бейнеролик түсірілімі кезінде жауап берген.
«Сабырлы, жарысқанды жақсы көретін, сүйкімді», – деді Рыбакина.
Айта кетейік, жуырда қазақстандық теннисші Бейжіңде өткен WTA-1000 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды. Ол әлемдік рейтингте 118-орында тұрған армениялық Алина Чараеваға 6:3, 4:6, 3:6 есебімен есе жіберді.