09.10.2026, 17:40

Елдос Сметов «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын спортшылардың тізіміне енді

Фото: Olympic.kz

Grand Slam турнирі 29-31 қазан аралығында өтеді.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тізімге Қазақстан құрамасынан жеті ер спортшы кірді.

60 келіге дейін: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Ақылжан Жұбатқанов

81 келіге дейін: Жалғас Қайролла

90 келіге дейін: Айдар Арапов

100 келіге дейін: Марат Байқамуров

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 29-31 қазан аралығында өтеді.

Тегтер: Елдос Сметов