Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы мен Тбилисидің «Динамо» клубының ойыншылары Грузияда өтіп жатқан Batumi Cup турнирінде жаппай төбелеске қатысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға Кобулетидегі «Челе Арена» стадионында болған. Жанжалдан кейін матчтың тікелей көрсетілімі тоқтатылды.
Басылымның мәліметінше, төбелеске дейін футболшылар бір-біріне тіл тигізіп, балағат сөздер айтқан. Сондай-ақ ойыншылар алаңға түрлі заттар лақтырған.
Оқиғаға қарамастан, ұйымдастырушылар матчты тоқтатпаған. Қазақстан құрамасы да турнирден шеттетілмей, финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде «Вильярреалдың» 15 жасқа дейінгі командасына 0:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Batumi Cup турниріндегі матчты Аджария футбол федерациясы ұйымдастырған.